Шал ақын ауданы бойынша жұмыс сапары аясында

    1 / 4

    30 қазанда Шал ақын ауданы бойынша жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Юбилейный ауылдық округінде орналасқан ветеринариялық пунктке барды.

    Биыл Облысты дамытудың кешенді жоспарын іске асыру аясында аудандар үшін 57 ветеринариялық пункт сатып алынды.

    Материалдық-техникалық базаның жаңартылуы ветеринар мамандар үшін неғұрлым қолайлы еңбек жағдайларын жасауға, ветеринариялық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ қажетті ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту өңірдің эпизоотиялық салауаттылығын нығайтуда, мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруда маңызды қадам болып табылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" жаңалықтары