ЛЮБОВЬ ЮН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

    1 / 2

    Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

    Таеквондодан 63 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Любовь Юн қола жүлдегер атанды.

    Отандасымыз алғашқы кездесуінде норвегиялық Сару Наташу Фемер-Педерсенді 2:0 есебімен жеңді. Ширек финалда бразилиялық Рафаэла Мейреллес да Костадан да дәл осындай есеппен басым түсті.

    Жартылай финалда қазақстандық спортшы сербиялық Эма Зечировичке қарсы шықты. Тартысты бәсекеде қарсыласы екі раундта 18:4 және 14:4 есебімен жеңіске жетті. Жарыс ережесіне сәйкес, жартылай финалда жеңілген екі спортшы да қола медаль иеленеді.

    📷 Olympickz

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары