Өскемен қаласындағы Тимирязев көшесінде тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.
Барлау жұмыстарын жүргізу барысында өрт сөндірушілер тоңазытқыш бөлшектерінің жанып жатқанын анықтады. Оқиға кезінде үй иелері болмаған.
Түтіннің таралуы тұрғындарға қауіп төндіргендіктен, құтқарушылар қауіпті аймақтан 14 адамды, оның ішінде бір баланы жедел эвакуациялады.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ тұрмыста өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды ескертеді:
Тек жарамды электр құрылғыларын пайдаланыңыз.
Электр сымдарының жай-күйін қадағалаңыз.
Үйден шығарда үздіксіз электр қуатын қажет етпейтін құрылғыларды желіден ажыратыңыз.









