Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары өндірістік нысанда өртті сөндіру және адамдарды құтқару бойынша оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, балқыту цехындағы күштік трансформатор орамасының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шыққан. Жалын тез арада іргелес орналасқан әкімшілік және шаруашылық үй-жайларға таралып, ондағы жиһаздарды шарпыған.
Өртті алғаш болып қорғасын тазарту цехының қызметкері байқап, дереу «112» нөміріне хабарлаған және кәсіпорын басшылығына мәлімдеген. Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді.
Қою әрі улы түтіннің жылдам таралуы салдарынан екі қызметкер эвакуациялау жолдарынан ажырап, түтін басқан аумақта қалып қойған.
ТЖД бөлімшелері келгенге дейін кезекші электрик апат болған учаскенің электр қуатын ажыратты. Ал нысанның авариялық-құтқару тобы цех есіктерін күштеп ашып, алғашқы зардап шегушіні тауып, қауіпсіз жерге шығарды. Азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тыныс алу органдарын қорғау аппараттарымен жабдықталған буын құрып, барлау жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар сыртқы стационарлық сатыны пайдаланып, түтін басқан ғимаратта қалып қойған екінші жұмысшыны қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оған сол жерде Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері медициналық көмек көрсетті.
Өрт сөндіру бөлімшелері тиісті учаскелерге бөлініп, үйлесімді әрі жедел әрекет ету арқылы шартты өртті толық сөндірді.
Мұндай оқу-жаттығулар өндірістік нысанның ерекшеліктерін жан-жақты зерделеуге, жеке құрамның жедел дайындығын тексеруге және төтенше жағдайлар туындаған кезде ТЖД бөлімшелері мен нысан әкімшілігі арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге мүмкіндік береді.
ШҚО құтқарушылары өндірістік нысанда оқу-жаттығу өткізді
1 / 3
Ұқсас материалдар

Қазақстандық делегацияның Францияға жұмыс сапары өтті
Француз Республикасындағы Қазақстан Республикасының ЕлшілігіАшу
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын қарау
"Ертіс аудандық мәслихат аппараты" ММАшу
Қазақстан NVIDIA бағдарламалары бойынша оқытушылар мен студенттерді даярлау ауқымын кеңейтеді
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіАшу
Ұстаздар күніне орай мерекелік концерт өтті.
"Іле ауданының Байсерке ауылдық округі әкімі аппараты" ММАшу
Шекарасыз оқу: мәтіннен ойлауға дейін
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасыАшу
"Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары

Үйлердің қауіпсіздігі мен өрттің алдын алуға ерекше назар аудару
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Газ баллоны неге қауіпті
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Құтқарушылар автокөліктердегі өрттің шығу себептерін түсіндірді
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Құтқарушылар жолда тұрып қалған азаматтарға көмек көрсетті
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
ТЖМ автокөлікті қысқа қалай дайындау керектігін еске салады
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу