Құтқарушылар жолда тұрып қалған азаматтарға көмек көрсетті

    Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында Айыртау және Каменка ауылдарының арасындағы жолда екі ересек адам мен бала көмекке мұқтаж болды.

    Олардың көлігі қар мен лай араласқан жолда тұрып қалып, өздігінен қозғалысты жалғастыра алмаған.

    Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тұрып қалған көлікті сүйреп шығарып, тасжолға дейін жеткізді. Осыдан кейін азаматтар сапарларын өз беттерінше жалғастырды.
    Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ.

    ТЖМ ескертеді: жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайын, жолдардың жай-күйін және ықтимал қауіп-қатерлерді ескеріңіздер. Ауа райы қолайсыз болған жағдайда сапарды кейінге қалдыруға тырысыңыздар. Жолдың күрделі учаскелерінде барынша сақ болыңыздар.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары