Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасының
2026 жылғы 19 қазандағы № 34 бұйрығына
1-қосымша
Бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын шығыстары бар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2026 жылғы 11 қарашада 2027–2036 жылдарға бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын шығыстары бар Маңғыстау – Бейнеу – Маңғыстау облысішілік әлеуметтік маңызы бар қатынасы бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыны айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсқа Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын шығыстары бар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларының» 21-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін тасымалдаушылар жіберіледі (бұдан әрі – Қағидалар).
Тасымалдаушылар тендерді ұйымдастырушының атына Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін мөрленген конвертте ұсынады.
Тендерді ұйымдастырушының мекенжайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23-шағын аудан, 40-ғимарат, 217-кабинет.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 10 қараша сағат 17:00-ге дейін.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2026 жылғы 11 қарашада сағат 10:00-де мына мекенжай бойынша ашылады: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23-шағын аудан, 40-ғимарат, 212-кабинет.
Конкурстық құжаттаманың тізбесі мына сайтта орналастырылған:
https://www.gov.kz/org/mangystau-upt/documents/details/1090590?lang=kk
Кепілдік ақшалай жарнаны аудару үшін тендерді ұйымдастырушының деректемелері:
«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23-шағынаудан, 40-ғимарат, 217-кабинет.
БСН: 050140006912
БСК: KKMFKZ2A
ЖСК: KZ20070102KSN4301000
«Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаменті» РММ
Тел.: 8 (7292) 31 90 41, 8 (7292) 31 90 70
Электрондық пошта:uptiad12@gmail.com







