1 / 9
Сарыағаш ауданында күзгі ауыл шаруашылығы науқаны аясында болгар бұрышын жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған орай, бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне арнайы барып, егіс алқаптарындағы жиын-терім жұмыстарының барысымен танысты.
Аудан басшысы Жақыпбек Жұмағұлов жетекшілік ететін «Тұрсынбай» шаруа қожалығында болып, болгар бұрышының өнімділігі, жинау жұмыстарының барысы және өнімді өткізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласының аудан экономикасындағы маңызын атап өтіп, жергілікті диқандардың еңбегіне алғысын білдірді.
Ағымдағы жылы аудан көлемінде 570 гектар алқапқа болгар бұрышы егіліп, орташа өнімділік гектарына 12–13 тоннаны құрауда. Ал «Тұрсынбай» шаруа қожалығы 1 гектар алқапта «Супер Ласточка» сұрыпты болгар бұрышын өсіріп, гектарынан 22 тоннадан астам өнім жинауда.
Жиналған болгар бұрышы Астана және Алматы қалаларының нарықтарына жөнелтіліп, ішкі нарықты отандық көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге үлес қосуда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі









