АУДАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

    1 / 15


    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеруге арналған салтанатты жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, құзырлы орган басшылары, жастар мен аудан тұрғындары қатысты.

    Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру — жай ғана дәстүр емес, бұл — ата-бабамыздың сан ғасырлық азаттық жолындағы күресіне, бүгінгі егемендігіміз бен бейбіт өмірімізге деген шексіз құрметтің белгісі.

    Біздің басты міндетіміз — осы бірлігімізді сақтап, көк туымыздың астында жаңа белестерді бағындыру, жас ұрпаққа қасиетті Отанымызды қадірлеуді аманаттау.

    Еліміздің егемендігі мәңгілік, бірлігіміз бекем, аспанымыз әрдайым ашық болсын!

    Қасиетті Көк байрағымыз бейбіт аспанда, тәуелсіздік тұғырында әрқашан биікте желбірей берсін!

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары