«ЖОЛ ЖИЕГІ – ЕЛ КЕЛБЕТІ» АТТЫ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

    Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында «Жол жиегі – ел келбеті» атты ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
    Тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының мамандары, жастар мен ауыл тұрғындары белсенді қатысты.
    Сенбілік барысында жол жиектері мен арық-атыздар қоқыстан тазартылып, қураған ағаштар кесілді, ағаштар әктеліп, жол белгілері ретке келтірілді. Сонымен қатар елді мекендердің тазалығын сақтауға және көркін арттыруға бағытталған жұмыстар атқарылды.
    Ауқымды тазалық жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылып, республикалық маңызы бар 49 шақырым, облыстық маңызы бар 253,1 шақырым және аудандық маңызы бар 297,5 шақырым автомобиль жолдарының бойы тазартылды. Бұдан бөлек, елді мекендердегі көшелердің бойында да тазалық жұмыстары жүргізілді.
    Тазалық – ортақ жауапкершілік, ал туған жердің көркеюі – баршамызға ортақ міндет. «Жол жиегі – ел келбеті» бастамасы қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары