1 / 13
2025 жылғы 25 қазан күні Барвиновка ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша сенбілік өткізілді.Сенбілікке белсенді түрде келесі ұжымдар қатысты:«Сарыкөл ауданы Барвиновка ауылы әкімінің аппараты» ММ, Барвиновка ауылдық, Мәдениет үйі, Барвиновка ауылдық кітапханасы, Барвиновка ауылының медициналық пункті (ФАП). Сенбілік барысында орталық алаң, мекемелердің іргелес аумақтары тазартылып, қоқыс, түскен жапырақтар мен қураған шөптер жиналды. Барлық қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымдары, бей-жай қарамағандары және туған ауылдарының тазалығына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!Ауылдың тазалығы – әрқайсымыздың ісіміз!









