
2026 жылдың 19 қыркүйегінде жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында және Дүниежүзілік тазалық күніне орай Барвиновка ауылында ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Бұл экологиялық шараға жергілікті мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен «Аманжол-АКРО» ЖШС ұжымы қатысты.
Қатысушылар ауыл аумағын ретке келтіру және абаттандыру мақсатында күш біріктірді. Олардың бірлескен еңбегі тазалықты сақтауға және тұрғындар үшін жайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Белсенділік танытқан, ынталылық пен еңбекқорлық көрсеткен және Барвиновка көркейтуге үлес қосқан барлық қатысушыларға шын жүректен алғыс айтамыз!









