1 / 4
Қазығұрт ауданында 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай, ел бірлігі мен рухын дәріптеген «Қыран елім – Қазақстаным» атты салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық “Ардагерлер кеңесінің”төрағасы Сейдулла Сеңгірбаев, зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының, білім және денсаулық саласының қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындары қатысты.
Мерекелік жиынды аудан әкімі Азизхан Исмаилов ашып, барша Қазығұрттықтарды ұлттық мерекемен құттықтады.
- «Қазақстанның берекесі мен бірлігі – әр азаматтың туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі мен адал еңбегінің жемісі. Бұл күн – халқымыздың тәуелсіз мемлекет болуға деген тарихи таңдауын айқындап, елдігіміздің бастауы болған күн. Бүгінде ұлттық мереке Республика күнін атап өту – Әділетті Қазақстанның іргесін нығайтуға үлес қосатын әрбір азамат үшін айрықша мәнге ие. Бұл мереке санамызда елдігіміздің символы ретінде жаңғырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптей түсуі тиіс», – деді аудан басшысы.
Мерекелік жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Сондай-ақ аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары мен жас таланттар әсерлі концерттік бағдарлама ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әуелеген ән мен күмбірлеген күй аудан аспанында қалықтап, Республика күні мерекесінің мәртебесін асқақтата түсті.








