РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ЕРЕН ЕҢБЕККЕ – ЕЛЕУЛІ ҚҰРМЕТ

    РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ЕРЕН ЕҢБЕККЕ – ЕЛЕУЛІ ҚҰРМЕТ
    Бүгін Қызылордадағы «Өнер орталығында» 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Тәуелсіздік құндылығы туралы, саяси жаңғыру, цифрландыру, әлеуметтік саланы жетілдіру және экономиканы, адами капиталды дамыту бағытындағы міндеттерді, ұлттық бірлікті нығайту, заң мен тәртіпті сақтау, отаншылдық пен еңбекқорлықты дәріптеудің маңызын атап өтті.
    Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Республика күнімен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге тоқталды.
    Жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен және Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.
    Бүгінгі мерейлі күнді аймақ тұрғындары толайым табыстармен, жарқын жетістіктермен қарсы алды. Жерлестеріміздің Мемлекет басшысының бастамасымен Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру жолындағы адал еңбегі лайықты бағасын иеленіп келеді.
    Айта кету керек, 2022 жылдан бері облыс экономикасына 2,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды. Алдағы үш жылда 48 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" жаңалықтары