ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
    Бүгінде облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Қазіргі таңда барлық қалалар 100 пайыз газдандырылған (Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр). Газға қосылған ауылдық елді мекендер саны 56-ға жетті.
    2025 жылдың қорытындысы бойынша облысты газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті.
    2026 жылы 14 жобаны жүзеге асыруға 4,3 млрд теңге бөлінді (республикалық бюджет – 3,6 млрд. теңге, облыстық бюджет-0,7 млрд. теңге). Оның ішінде 2 жоба өтпелі, 12 жоба жаңа жобалар.
    Осыған орай, республикалық бюджеттің нақтылауына жалпы құны 8,1 млрд. теңге құрайтын 19 жобаға бюджеттік өтінім ұсынылды.
    Осылайша, жыл соңына дейін 10 елді мекенді (Ақжарма, Қамыстыбас, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Төребай би, Иіркөл, Бекарыстан би, Жанқожа батыр, Түктібаев, Майдакөл) газдандыру жобаларын жүзеге асырып, газдандыру деңгейін 83 %-дан 85 %-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" жаңалықтары