Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Басқарма туралы

    «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы бойынша газ-жылу-энергетикалық ресурстары, коммуналдық шаруашылық және ауыз сумен қамту саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. Басқарма облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    ХАБАРЛАНДЫРУ «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Мекеменің атауы: Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, индексі 120009, Қызылорда қаласы, Марал ишан көшесі, 1. Лауазымдық міндеттері. Заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің қаржылық - шаруашылық нәтижелерінің орындалуын, қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын және толық пайдалануын қамтамасыз етеді, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін айқындайды. Басқа ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен шарттар, келісімшарттар, операциялар жасайды, өкімдер мен бұйрықтар шығарады, іскерлік кездесулерде ұйымның атынан өкілдік етеді. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылдарын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, олардың қызметін жаңалықтар мен нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жылдам ден қоятын, тауарлар мен қызметтерді икемді және ұтқыр өндіруді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды. Ұйым жұмысының тиімділігін арттыруды, өнімдер мен қызметтер сатылымын және пайданы ұлғайтуды, өндірілетін өнімнің (қызметтердің) сапасын және бәсекеге қабілеттілігін, отандық және шетелдік нарықтарды жаулап алу мақсатында олардың мемлекеттік және жоғары дамыған елдердің, озық компаниялардың стандарттарына сай келуін қамтамасыз етеді. Ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру қорлары, өнім жеткізушілер, тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) және индикативті жоспар мен бизнес-жоспарлардағы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді. Өнімнің (қызметтердің) техникалық деңгейін және сапасын, өндіріс қарқындылығын, еңбек өнімділігін, экономикалық тиімділігін арттыру, өндірістік резервтерді тиімді пайдалану және ресурстардың барлық түрлерін үнемді жұмсау мақсатында жаңа техниканы және жаңа технологияны, басқару мен еңбекті ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын, материалдық, қаржылық және еңбек шығындарының ғылыми негізделген нормативтерін кеңінен пайдалану, нарықтық конъюнктураны және озық тәжірибені (отандық және шетелдік) зерделеу негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады. Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік және өзге мәселелерді талқылау мен шешуді, өндірістің тиімділігін арттыруды материалдық және моральдық көтермелеуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбек ынталылығын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнама бойынша берілген құқықтар шегінде шешеді, басқа лауазымды тұлғаларға – директорлардың орынбасарларына, кәсіпорынның өндірістік бірліктері мен филиалдарының, сондай-ақ функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің басшыларына қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруында заңдылықтың сақталуын, нарық жағдайында қаржылық басқару мен жұмыс істеуге арналған құқықтық құралдардың пайдаланылуын қамтамасыз етеді, шарттық және қаржылық тәртіптерді нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, бизнесті (кәсіпкерлік қызметке) қолдау көрсету мен ауқымын кеңейту мақсатында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді. Сотта, төрелік сотта мемлекеттік билік және басқару органдарында кәсіпорынның мүліктік және басқа да мүддесін қорғайды және оның атынан өкілдік етеді. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: 1) біліктілік талаптарына сәйкес, техникалық жоғары білімінің болуы; 2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы; 3) мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері; 6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады. Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, құрылыс 1, Облыс әкімдігінің ғимараты, 4 қабат, №404 бөлме мекенжайда қабылданады. Анықтама үшін телефоны: 8 (7242) 60-53-94, электронды мекенжайы [email protected]. Конкурс өткізу орны: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Cұлтан көшесі, құрылыс 1, Облыс әкімдігінің ғимараты, 4 қабат, № 404 бөлме. Барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлға барлық талаптарға сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    21 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    “Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы” КММ, “Қызылордажылуэлектрорталығы” МКК және «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-да “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес 2026 жылдың маусым айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған орай, аталған саланың қызметіне жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға ұсыныс пен пікірлеріңіз болса, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1 ғимаратында орналасқан “Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келуге және [email protected] электрондық поштасына жолдауға болады. Сонымен қатар, Басқарманың сенім телефонына 8(7242) 60-53-90 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.

    1 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қызылорда командасы «Қазақстанның коммуналдық қызметкерлері кубогы – 2026» турнирінде жүлделі III орын иеленді

    Қызылорда командасы «Қазақстанның коммуналдық қызметкерлері кубогы – 2026» турнирінде жүлделі III орын иеленді «Қазақстанның коммуналдық қызметкерлері кубогы – 2026» турнирінде Қызылорда өңірінің намысын абыроймен қорғап жүрген қызметкерлер іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, келесі айналымдарға жолдама алып, нәтижесінде жүлделі III орынды иеленді. Ойыншылар қатарында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы мен сала қызметкерлері де бар. Бұл – олардың бірлігі мен кәсібилігінің, сондай-ақ жеңіске деген жігерінің айқын көрінісі. Команда мүшелерін лайықты жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

    21 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    ХАБАРЛАНДЫРУ Қызылорда облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шарушылық басқармасының басшысы Усаин Медет партия алаңында қоғамдық қабылдау өткізеді. ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ: "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ (Ы. ЖАҚАЕВ №2, ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА ОРНАЛАСҚАН ҒИМАРАТ) ӨТКІЗІЛЕТІН УАҚЫТЫ: 2026 ЖЫЛҒЫ 12 НАУРЫЗ, САҒАТ 16:00

    12 наурыз 2026 ж.Тікелей
    "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ (Ы. ЖАҚАЕВ №2, ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА ОРНАЛАСҚАН ҒИМАРАТ)
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жария талқылау

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Респбликасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлық іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер еңгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкс Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау жүргізілетінін хабарлайды.

    27 қараша 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Респбликасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетінін хабарлаймыз. Жоғарыда аталған мемлекеттік мекеменің құзыртіне кіретін мәселелер саласынд әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептьер мен жағдайлар туралы ақпаратты [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

    27 қараша 2025 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жылу есептегіш құралдарды (счетчик) тексеру мерзімі қалай анықталады?

    Жауап

    Жылу есептегіш құралдарды тексеру мерзімі оның төлқұжатында (паспортында) көрсетілген өндіруші зауыттың техникалық сипаттамасына және мемлекеттік стандарттарға сәйкес анықталады. Жылу есептегіштерді тексеру аралығы 4-тен 5 жылға дейін құрайды.Есептегіш орнатылған сәттен бастап немесе алғашқы зауыттық тексеруден өткен күннен бастап есептеледі. Тексеруден өткен соң оның деректері келесі тексеру аралығына дейін жарамды болып саналады.

    ·
    Сұрақ

    Көпқабатты тұрғын үйлердің пәтерлеріндегі кейбір бөлмелердің дұрыс жылынбауы не себепті және кім жауапты?

    Жауап

    Жылу энергиясын беру параметрлері жылумен жабдықтау ұйымы тарапынан сыртқы ауа температурасының көрсеткіштеріне сәйкес бекітілген температуралық кесте негізінде реттеліп, тұтынушыларға белгіленген тәртіппен жеткізіледі. Сонымен қатар, тұрғын үйдің ішкі жылу желілерінің техникалық жай-күйіне, олардың дұрыс жұмыс істеуіне және пәтерлерге жылудың біркелкі таралуына қатысты мәселелер көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару органы (пәтер иелері кооперативі, мүлік иелері бірлестігі, басқарушы компания немесе өзге де басқару нысаны) мен тұрғындардың бірлескен іс-қимылы арқылы шешілуі тиіс. Осыған байланысты тұрғындарға ішкі жылу жүйелерінің жарамдылығын, радиаторлар мен құбырлардың техникалық жағдайын, сондай-ақ жылу жүйесіндегі ауа жиналу, бітелу немесе реттеу құрылғыларының дұрыс жұмыс істемеуі сияқты факторларды тұрақты бақылауда ұстау ұсынылады. Бұдан бөлек, тұрғын үй-жайларда жылу энергиясының тиімді сақталуы үшін пәтердің есік, терезе және балкон жақтауларының саңылауларынан сырттан кіретін салқын ауаның алдын алу шараларын қабылдау қажет. Атап айтқанда, есік пен терезе тығыздағыштарының жарамдылығын қамтамасыз ету, саңылауларды бітеу, терезелердің дұрыс жабылуын қадағалау және жылу шығынын азайтатын қосымша оқшаулау жұмыстарын жүргізу маңызды. Жоғарыда көрсетілген шаралар уақытылы орындалған жағдайда, беріліп отырған жылу энергиясының тиімді пайдаланылуы қамтамасыз етіліп, тұрғын үй-жайларда қолайлы температуралық режимнің сақталуына мүмкіндік береді.

    ·
    Сұрақ

    Ауыз суға төлем мөлшері 30 теңгеден 70 теңгеге не себепті өсті?

    Жауап

    Тұрғындар үшін ауыз су тарифінің 30 теңгеден 70 теңгеге дейін өсуі ұзақ уақыт бойы тарифтің экономикалық тұрғыдан негізделген шығындарды толық өтемеуіне байланысты орын алды. Бұған дейін қолданыста болған тариф сумен жабдықтау қызметін көрсетуге жұмсалатын нақты шығындардың бір бөлігін ғана жабатын. Тарифті қайта қарау барысында электр энергиясы, жанар-жағармай, материалдар мен қосалқы бөлшектер құнының өсуі, қызметкерлердің еңбекақысының артуы, сондай-ақ су құбырлары мен өндірістік нысандарды пайдалану және жөндеу шығындары ескерілді. Тарифтің өсуі сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, апаттық жағдайлардың алдын алуға, жабдықтарды уақтылы жөндеуге және тұрғындарды сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған.

    ·
    Сұрақ

    Тұрғындардың газ баллон және табиғи газды тұрмыста пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары?

    Жауап

    Тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігін сақтау және газ баллон жабдығы мен газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы профилактикалық іс-шаралар негізінен аулаларды аралау, жиындар мен дәрістер ұйымдастыру, тұрғындарға үнпарақтар тарату, облыс аумағындағы адамдар көп шоғырланған орындарда орналасқан LED экрандар арқылы арнайы әзірленген бейнероликтерді көрсету және бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялау арқылы жүзеге асырылуда.

    ·
    Сұрақ

    Қызылорда қаласы аумағындағы саяжайлардың («Еңбек», «Эдельвейс», «Орбита» және «Сабалақ») тұрғындары тарапынан газдандыру және инфрақұрылымды дамытумен байланысты мәселелер жиі көтерілуде?

    Жауап

    Қазіргі таңда, Сабалақ елді мекені толықтай табиғи газға қосылды. «Эдельвейс, Орбита, Еңбек, Мелиоратор» саяжайлары бойынша жоба - сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылуда. Жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған кейін, қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылады.

    ·
    Сұрақ

    Электр энергиясы үшін төлемді қалай жүргізеді?

    Жауап

    Қазіргі таңда Қызылорда облысында төлемдерді қабылдау «АЛСЕКО» АҚ-ның бірыңғай төлем құжаты арқылы жүзеге асырылады. Тұтынушылар төлемді ALSЕCO мобильді қосымшасы арқылы немесе Kaspi.kz қосымшасындағы «Төлемдер» бөлімінен ALSECO жүйесін таңдау арқылы төлей алады.

    ·
    Ақпарат

    2025 жылы бөлінген қаржылардың игерілуі жөнінде мәлімет

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ММ бойынша 2025 жылы бөлінген қаржылардың игерілуі жөнінде мәлімет Шығыстардың атауы 2026 жылға нақтыланған жоспар Жоспар 30.09.2026 30.09.2026 жылға игеру % Игерілмеген қаржы ЖИЫНЫ Басқарма бойынша 19 538 045,3 16 196 793,7 16 194 170,9 100,0 2 622,8 007 Жылу-энергетикалық жүйені дамыту 298 463,0 0,0 0,0 0,0 0,0 015 Шиелі кентінде 220/35/10 кВ «Шиелі» ҚС қайта жаңғырту 298 463,0 0,0 0,0 0,0 0,0 032 Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау 5 281 136,5 4 084 000,0 4 084 000,0 100,0 0,0 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 281 136,5 4 084 000,0 4 084 000,0 100,0 0,0 038 Коммуналдық шаруашылығын дамыту 3 639 885,1 3 164 158,0 3 161 656,6 99,9 2 501,4 үнемделген 011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 3 622 858,0 3 162 278,0 3 159 776,6 99,9 2 501,4 1 Қызылорда қаласында ТК-28-ден ТК-38-ге дейінгі магистральдық жылу желілерін реконструкциялау (Мелиоратор ЖШС) 1 280 580,00 1 280 580,0 1 278 079,3 99,8 2 500,7 2 «Қызылорда қаласындағы АБМҚ-1-ден Сырдария м/а №1-23 тұрғын үйлері және №264 орта мектепке дейінгі кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау (Ақмешіт Мелиоратор ЖШС) 699 003,0 691 156,7 691 156,9 100,0 -0,2 3 Қызылорда қаласындағы ТК-42-ден Бектұрғанов көшесі №30, Есенов көшесі №17а, №30, Абай даңғылы 32,27а,20б,34а,36,36А,15а, Мұратбаев көшесі №17,15 тұрғын үйлерге және №198 орта мектепке дейінгі кварталаралық жылу (Самат мунай ЖШС) 301 216,00 244 861,6 301 216,4 123,0 -56 354,8 4 Маханов көшесі бойындағы ТК-1-ден бастап Наурыз шағын ауданындағы №2-31А және Қызылорда қ. Амангелді көшесіндегі №63-65 тұрғын үйлерге дейінгі кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау (Асанас Дар) 631 391,00 531 391,0 475 035,7 89,4 56 355,3 үнемделген 5 Қызылорда қаласындағы ТК-3 сол жақтан №10 орта мектепке дейінгі кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау (Механизатор) 564 592,00 268 212,7 268 212,4 100,0 0,3 6 Қызылорда қаласында ТК-21- ден ТК-25-ке дейінгі магистральдық жылу желілерін реконструкциялау (Мегорон ЖШС) 146 076,00 146 076,0 146 076,0 100,0 0,0 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 17 027,10 1 880,00 1 880,00 100,0 0,0 1 Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 40 МВт-тық жылу қазандығының құрылысы. Сыртқы желілер (Жаңа ғасыр ЖШС) 1 880,00 1 880,0 1 880,0 100,0 0,0 2 Қызылорда қаласындағы "Қызылордажылуэлектрорталығы" МКК Оңтүстік қазандығын реконструкциялау" жобасының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу 15 147,10 0,0 0,0 0,0 0,0 051 Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту 1 884 552,00 1 884 552,00 1 884 552,00 100,0 0,0 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 625 106,00 625 106,00 625 106,00 100,0 0,0 1 Арал және Қазалы аудандарында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының №13 ВК-дан бастап Әйтеке би кентінің №1 сорғы станциясына дейін магистральдық су таратқышының 2-тармағын салу (Мелиоратор ЖШС) 625 106,00 625 106,0 625 106,0 100,0 0,0 011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 1 259 446,00 1 259 446,00 1 259 446,00 100,0 0,0 1 Арал және Қазалы аудандарында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының №13 ВК-дан бастап Әйтеке би кентінің №1 сорғы станциясына дейін магистральдық су таратқышының 2-тармағын салу (Мелиоратор ЖШС) 1 259 446,00 1 259 446,0 1 259 446,0 100,0 0,0 050 Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға шығындарын субсидиялау 374 894,0 374 894,0 374 894,0 100,0 0,0 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 374 894,0 374 894,0 374 894,0 100,0 0,0 311 Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер 374 894,0 374 894,0 374 894,0 100,0 0,0 1 Қызылорда қаласының тұтынушыларын жылумен қамтамасыз ету мақсатында газ отынын сатып алу 353 056,0 353 056,0 353 056,0 100,0 0,0 2 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би ентінің тұтынушыларына жылдық сатып алынаын газ отыны бағасының айырмасы 21 838,0 21 838,0 21 838,0 100,0 0,0 054 Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер 161 854,5 161 854,5 161 854,5 100,0 0,0 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 161 854,5 161 854,5 161 854,5 100,0 0,0 311 Заңды тұлғаларға оның ішінде шаруа (фермер) қожалықтарына берілетін субсидиялар 161 854,5 161 854,5 161 854,5 100,0 0,0 Мемлекеттік кәсіпорындар болып табылмайтын заңды тұлғаларға субсидиялар 161 854,5 161 854,5 161 854,5 100,0 0,0 065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту 3 536 459,9 3 536 459,9 3 536 459,9 0,0 0,0 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3 536 459,9 3 536 459,9 3 536 459,9 100,0 0,0 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту 3 536 459,9 3 536 459,9 3 536 459,9 100,0 0,0 «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» Акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту есебінен 771 221 жәй акцияларын орналастыру 171 221,0 171 221,0 171 221,0 100,0 0,0 «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» Акционерлік қоғамынының жарғылық капиталын ұлғайту есебінен 805 271 жәй акцияларын орналастыру 295 271,0 295 271,0 295 271,0 100,0 0,0 «ҚЭТТК» Акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту есебінен 1 564 859 жәй акцияларын орналастыру 1 564 859,0 1 564 859,0 1 564 859,0 100,0 0,0 «Қызылордажылуэлектрорталы-ғы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2026 жылға арналған жылуэнергетикалық жабдықтарын дамыту 1 078 223,8 1 078 223,8 1 078 223,8 100,0 0,0 «Қызылордажылуэлектрорталы-ғы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2026-2027 жылдарға арналған жылуэнергетикалық жабдықтарын қайта жаңғырту және дамыту 407 504,4 407 504,4 407 504,4 100,0 0,0 «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» Акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту есебінен 105 415 жәй акцияларын орналастыру 19 380,7 19 380,7 19 380,7 100,0 0,0 096 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау 3 687 104,00 2 558 426,30 2 558 426,30 100,0 0,00 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3 687 104,00 2 558 426,30 2 558 426,30 100,0 0,00 812 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша инвестициялық шығындарды өтеу жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді орындау 202 939,30 202 939,30 202 939,30 100,0 0,00 813 Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта жаңғырту, қызмет көрсету және күтіп ұстау 351 000,00 100 284,0 100 284,0 0,0 0,00 Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру 3 017 413,0 2 151 451,0 2 151 451,0 100,0 0,00 814 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқарғаны үшін сыйақы төлеу жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді орындау 115 751,7 103 752,0 103 752,0 100,0 0,00 001 Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 673 696,3 432 449,0 432 327,6 100,0 121,4 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 673 696,3 432 449,0 432 327,6 100,0 121,4 Басқарманы ұстау шығындары 219 317,0 166 045,0 165 923,6 99,9 121,4 159 Жосалы және Тереңөзек кенттеріндегі АГТС газдандыру нысандарын пайдалану қызметі 155 189,0 103 320,0 103 320,0 100,0 0,0 АГТС-3 "ПМУ" газбен жабдықтау объектілерін пайдалану қызметтері 133 095,0 88 610,0 88 610,0 100,0 0,0 "Қамыстыбас АГТС" газбен жабдықтау объектілерін пайдалану қызметтері 111 858,0 74 474,0 74 474,0 100,0 0,0 Жылумен жабдықтау нысандарын мемлекеттік тіркеуден өткізу 297,0 0,0 0,0 #ДЕЛ/0! 0,0 "Жосалы" және "Тереңөзек" АГТС нысандарына экологиялық рұқсат алу бойынша құжаттар әзірлеу қызметі 3 500,0 0,0 0,0 #ДЕЛ/0! 0,0 "Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ теңгеріміндегі электр нысандарды нақтылауға жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін 50 440,3 0,0 0,0 #ДЕЛ/0! 0,0 Барлығы: ҰҚ РБ 4 882 304,0 4 421 724,0 4 419 222,6 99,9 2 501,4 ОБ 13 982 045,0 11 342 620,7 11 342 620,7 100,0 0,0 ЖИЫНЫ Басқарма бойынша 19 538 045,3 16 196 793,7 16 194 170,9 100,0 2 622,8 113 1 147 117,3 1 103 744,3 1 103 744,3 100,0 0,0 114 15 203 242,4 13 838 063,0 13 838 063,0 100,0 0,0 РБ 3 561 728,0 3 125 250,0 3 125 250,0 100,0 0,0 ОБ 11 641 514,4 10 712 813,0 10 712 813,0 100,0 0,0 БАРЛЫҒЫ 35 888 405,0 31 138 601,0 31 135 978,2 100,0 2 622,8

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда. Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды. 2026 жылы жеке тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға облыстық бюджеттен 161854,5 мың теңге бөлініп, «Отбасы банк» АО ай сайын 900 аса азаматқа төлем жасалуда. Апатты үйлердің мәселесі бойынша Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 69 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 63 үй, Қармақшы ауданында3 үй, Сырдария 2 үй, Жалағаш 1 үй. Тұрғын үй кезегінде жалғыз баспанасы апатты деп танылған 673 тұрғын тіркелген. 2024 жылы облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, 2025 жылдың наурыз айында 135 пәтер табысталды. Апатты жағдайдағы 3 үй бұзылды. 2026 жылы 135 пәтер сатып алуға облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы қаралды. Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу Қызылорда облысында 1505 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 601 күрделі жөндеуді талап етеді (40%). (2011 жылдан 73%-дан 40%-ға төмендеді). 2024 жылы республикалық бюджеттік кредит есебінен 33 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді (2,1 млрд.теңге), оның ішінде Қызылорда қаласы - 18, Арал ауд. – 6, Жалагаш ауд. – 2 , Сырдария – 7 үй.2025 жылы 14 үйді күрделі жөндеуден өткізу 1,4 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды, алайда қаржы бөлінбеді. 2026 жылы 24 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 4,0 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет Абаттандыру жұмыстары 2026 жылы облыстық бюджеттен абаттандыру жұмыстарына 7 жобаға8,9 млрд. теңге қаржы бөлініп, Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту,27 ойын алаңдарын салу, Қызылорда қаласындағы 8 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне күрделі жөндеу, Қызылорда қаласына қарасты 2 елді мекенге (Ақжарма, Талсуат) жаяу жүргіншілер жолын салу, Қызылорда қаласындағы көше-жол инфрақұрылымын қайта жаңарту, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылындағы суару арық желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік жекешелік-әріптестік тарапынан «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» және «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін реконструкциялау, қызмет көрсету және күтіп-ұстау» жобалары бойынша жұмыстарды жалғастыруға 2026 жылға облыстық бюджеттен 3,7 млрд.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Ыстық сумен қамту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту жобасы іске асырылуда. Жоба бойынша 26,2 млрд. теңге қаржыға 423 тұрғын үй ыстық сумен қамту жоспарланған. Жоба 2 кезеңмен іске асырылуда. Бірінші кезең: Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау құрылысына 11 млрд.теңге бөлініп, 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Екінші кезең: Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 5 млрд. теңге бөлініп, Қызылорда қаласынның 61 КПТҮ-лердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, тапсырманы толық орындалу мақсатында Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 176 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтауды аяқтау үшін 10,2 млрд. теңге қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда, үйлерді ыстық су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Жылумен қамту бойынша Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілді. Биылғы жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасын аяқтау, 1 газтурбиналық қондырғыға күрделі жөндеу,1,3 шақырым жылу желісі 1 дана қазандық, 1 дана турбина және 10 дана автономдық қазандықтар мен негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Желілерге гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге алдағы жылу беру маусымын жаңа жылу электр орталығы арқылы жылу беру маусымында 4 дана жылыту қазандығы арқылы қамтамасыз етілетін болады. Облыстағы жалпы саны 1 079 әлеуметтік нысандарға (505 білім беру, 247 денсаулық сақтау, 322 мәдениет және спорт нысандары, 5 әлеуметтік сала)жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні энергетикалық және әлеуметтік нысандарға дайындық паспортын алынды. Алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тұрақты бақылауда.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет Электр энергетикасы саласы бойынша Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 608 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2058 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 60% құрайды. 2026 жылы жалпы құны 3,1 млрд. теңге құрайтын 9 жобамен 240 шақырым әуе желісі және 52 қосалқы станцияны қайта жаңғыртудан өткізу жоспарлануда. Нәтижесінде тозу деңгейін 60 пайыздан 59 пайызға төмендетілу көзделуде. Сонымен бірге, келесідей жұмыстар жүргізу жоспарлануда: СПМК-70, Арай, Сәулет, Саяхат мөлтек аудандарын қамтыйтын 35 кВ Л-33,34 әуе желісінің 2,5 шақырымын кабельдік желіге ауыстыру жоспарлануда. Сабалақ, Наурыз, Махамбет, Ақсуат елді мекендерін электр энергиясымен қамтамасыз ететін 35/10 кВ "Жаңаарық" қосалқы станциясын қайта жаңғырту. Тасбөгет кенті, Бесарық, Амангелді, Жетікөл, Айдарлы, Жамбыл, Махамбетов ауылдарын, Ақсуат ауылдық елді мекенінің орталығын қамтамасыз ететін 30,6 шақырым 35 кВ Л-51, 52, 55, 56 әуе желілерінің сымдарын ауыстыру жұмыстары аяқталуда. 2026-2027 жылдардың бюджеттін нақтылауға «Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би ГПП Л-105 ВЛ-110 кВ реконструкциялау», «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» және «Қызылорда облысы, Шиелі кентіндегі 220/35/10 кВ «Шиелі» ҚС қайта жаңғырту» жобаларын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруға облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды. Сонымен қатар, «ҚЭТТК» АҚ-ның теңгеріміне өткізу бойынша 123 нысанның тізімі бекітіліп, құжаттар әзірленуде.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

    Газдандыру саласы бойынша: Қызылорда облысы аумағында елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Қазіргі таңда барлық қалалар 100 пайыз газдандырылған (Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр). Газға қосылған ауылдық елді мекендер саны 56-ға жетті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облысты газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті. 2026 жылы 14 жобаны жүзеге асыруға 4,3 млрд теңге бөлінді (республикалық бюджет – 3,6 млрд. теңге, облыстық бюджет-0,7 млрд. теңге). Оның ішінде 2 жоба өтпелі, 12 жоба жаңа жобалар. Осыған орай, республикалық бюджеттің нақтылауына жалпы құны 8,1 млрд. теңге құрайтын 19 жобаға бюджеттік өтінім ұсынылды. Осылайша, жыл соңына дейін 10 елді мекенді (Ақжарма, Қамыстыбас, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Төребай би, Иіркөл, Бекарыстан би, Жанқожа батыр, Түктібаев, Майдакөл) газдандыру жобаларын жүзеге асырып, газдандыру деңгейін 83 %-дан 85 %-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Көмірмен қамтамасыз ету бойынша: Облыс бойынша 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 107 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде: тұрғындар үшін 88 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 19 мың тонна. Қазіргі таңда, көмір қоймаларында 29,7 мың тонна көмір қоры бар. Облыс көлемінде 20 өңірлік оператор (6 ЖШС мен 14 кәсіпкер)жұмыс жасап, көмір бағасы маркаларына және жеткізу қашықтығына сәйкес 22000–28500 теңге аралығында сатылуда. Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 100 пайызды құрайды. 2026 жылы ауыз сумен қамту және суды бұру жобаларына 11,9 млрд.теңге қаржы бөлініп жалпы 7 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде су желісінің тозу деңгейі 33 пайыздан 31 пайызға және кәріз желісінің тозу деңгейі 32 пайыздан 30 пайызға төмендету жоспарлануда. Сонымен қатар, Арал және Қазалы аудандарының 160 мыңнан астам тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған, ұзындығы 238 шақырымды құрайтын Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының 2 тармағын салу жобасы іске асырылуда. Жобаның құны 43,7 млрд. теңгені құрайды. 2025 жылы республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 23 шақырым су құбырының құрылысы аяқталды. 2026 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 1,9 млрд.теңге қаралып, 10 шақырым су құбырының құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін ҚР инфрақұрлымды дамыту қорынан 20,5 млрд.теңге қаржы бөлінді.

    Жарияланды: