МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    1 / 5
    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
    Бүгін облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасында профилактикалық семинар-кеңес өткізілді.
    Жиында Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдат Әбдіқадыр мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талаптарын, цифрлық ортадағы әдептілік стандарттарын, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауаптылықтарды түсіндірді.
    Семинарда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің бас маманы Мамай Отаралиев қызметтік әдеп және тәртіптік жауапкершілік нормалары бойынша баяндама жасады.
    Сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризм ұғымдары, деструктивті діни ағымдардың қаупі мен белгілері туралы облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы Нұрдәулет Бауыржан жан-жақты ақпарат берді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" жаңалықтары