ҚАРАУЫЛКЕЛДІДЕ БӘКІР ТӘЖІБАЕВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

    1 / 5

    Бәкір Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінде көрнекті ақын, сазгер, драматург Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби-сазды кеш өтті.

    🔹Мерейтойлық шара аясында аудандық музейдің көрмесі ұйымдастырылып, қонақтар музыка мектебінің тарихымен және мектептің алғашқы директоры Мырзағали Төлеуұлының өмір жолына арналған шағын мұражаймен танысты.

    🔹Әдеби-сазды кеште оқушылар ақынға арналған арнау өлеңдерін оқып, оның сөзіне жазылған «Бозторғайым», «Әдемі ау» және басқа да әндерді орындады. Күй мен би, әсем ән өрілген концерттік бағдарлама көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    🔹Шараға ақынның ұлы Жасұлан Тәжібаев пен інісі Ақан Мырзағалиұлы қатысып, мерейтойдың мәнін арттыра түсті.

    🔹Бәкір Тәжібаевтың шығармашылық мұрасы – қазақ әдебиеті мен ән өнерінің асыл қазынасы. Ақынның сырлы жырлары мен жүрекке жеткен әндері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ұлттық руханияттың құнды мұрасы ретінде жаңғыра береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары