Сандықтау ауданындағы үш ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылды

    1 / 6

    Сандықтау ауданының Бірлік ауылдық округінде топтық су құбырының салтанатты іске қосу рәсімі өтті. Жоба аясында Тұмар, Бірлік және Ақкент ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды.

    Тұрғындар мен қонақтарды айтулы оқиғамен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай құттықтады. Сондай-ақ ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы орынбасары Булан Тұрлыбеков құттықтау сөз сөйледі.

    Бұған дейін аталған үш ауылда орталықтандырылған су жүйесі болмаған. Енді ауызсу тұрғындардың үйлеріне тікелей жеткізіліп, ауыл халқының тұрмысын жеңілдетуге және күнделікті өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

    «Бұл – біз үшін үлкен әрі қуанышты оқиға. Бұрын су мәселесін шешу үшін қосымша күш жұмсауға тура келетін. Енді ауызсу үйлерімізге тікелей жеткізіледі. Бұл күнделікті тұрмысты едәуір жеңілдетіп, отбасыларымызға қолайлы жағдай жасайды. Ауылдарымызда осындай мүмкіндік туғанына қуаныштымыз. Жобаны жүзеге асыруға атсалысқан барша азаматқа алғысымызды білдіреміз», – деді ауылдық округтің тұрғыны Мағұмад Омаров.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының әкімдігі" жаңалықтары