ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Қызылорда облысында 10 608 шақырым электр желілері мен кернеуліктері, әртүрлі 2068 қосалқы станциялар бар. Электр желілері мен қосалқы станциялардың негізгі бөлігі өткен ғасырдың 60-шы, 70-ші жылдары қолданысқа берілген. Олардың тозу деңгейі 60% құрайды.
2022 жылы 2 жобаға бойынша 100 шақырым электр желісі мен 32 дана қосалқы станция, 1 дана РП-10 кВ орнатылды. Нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 69 пайыздан 68 пайызға төмендеді.
2023 жылы 6 жобаға бойынша 232 шақырым электр желісі мен 95 дана қосалқы станция қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 68 пайыздан 66 пайызға төмендеді.
2024 жылы 10 жобаға 418 шақырым электр желісі мен 73 дана қосалқы станцияны қайта жаңғырту жұмыстары аяқталу сатысында. Нәтижесінде жыл соңына дейін электр желілерінің тозу деңгейін 66 пайыздан 62 пайызға төмендетілді.
2025 жылы құны 6 млрд.теңге құрайтын жобаларды іске асырылуда. Атап айтсақ, 3,1 млрд.теңге қаржыға 280 шақырым электр желісін және 2,9 млрд.теңгеге 87 дана қосалқы станциялар қайта жаңғыртудан өткізілді.
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 532,6 млн. теңгеге 40,2 шақырым әуе желісін қайта жаңғыртылды.
2026 жылы жалпы құны 3,1 млрд. теңге құрайтын 9 жобамен 240 шақырым, 10/0,4 кВ 52 дана КТПН, 110/35 кВ әуе желісі және 35 кВ 1 қосалқы станцияны қайта жаңғыртудан өткізу жоспарлануда. Нәтижесінде тозу деңгейін 60 пайыздан 59 пайызға төмендетілу жоспарлануда.








