«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтау қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Н. Рахаев пен учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Г. Исмаилов қала тұрғындарымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тұрғындарға:
құқық бұзушылықтардың алдын алу;
топтық төбелестерге жол бермеу;
интернет-алаяқтықтан сақтану;
сталкинг және оның құқықтық салдары;
кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Аталған іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қауіпсіздік – ортақ міндет!









