Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында «Таза жол – таза орта» акциясы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол бойындағы тазалықты қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Тазалық шарасына мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен белсенді азаматтар қатысып, аудан аумағын таза ұстауға өз үлестерін қосты.
Акция барысында облыстық маңызы бар автожолдардың және ішкі көшелердің бойы күл-қоқыстан тазартылып, арық-атыздар ретке келтірілді. Сонымен қатар жол жиектеріндегі шөптер орылып, жиналған қоқыстар арнайы техникалар арқылы шығарылды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған мұндай шаралар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.
Тазалықты сақтау – баршаға ортақ міндет. Әрбір тұрғынның қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, өз ауласы мен айналасын таза ұстауы ауданның көркеюіне ықпал етеді.
Осы орайда аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерді тазалықты сақтауға, экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға және туған өлкенің көркеюіне үлес қосуға шақырамыз.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
САРЫАҒАШТА «ТАЗА ЖОЛ – ТАЗА ОРТА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
1 / 19
Ұқсас материалдар

Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы «Мұрсалы» шаруа қожалығы 500 гектар алқапқа бидай мен жүгері егеді. Егістік алқаптары отандық өндірістен шыққан жаңбырлатып суару жүйелері арқылы суарылады.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіАшуМемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы – азамат сенімінің негізі
«Долинка кенті әкімінің аппараты» ММАшу
РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ЕРЕН ЕҢБЕККЕ – ЕЛЕУЛІ ҚҰРМЕТ
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыАшу
МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыАшу
МЕРГЕНДІК. ШЕБЕРЛІК. ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕР!: Абай облысында атудан тартысты турнир өтті
Абай облысының Полиция департаментіАшу
"Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары

АУДАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
САРЫАҒАШ: «ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН: САРЫҒАШТА ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу