ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    1 / 12


    Жібек жолы елді мекенінде жалпы алаңы 0,14 гектар жер учаскесінде воркаут және балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, балалар ойын алаңшасы жанынан Жібек жолы ауылдық округінің кәсіпкері Ж.Абдибаевтың демеушілігімен жалпы аумағы 0,14 гектар жер учаскесі толық қоршалып, волейбол және баскетбол алаңдары салынды. Аумақ пен автотұрақ асфальтталып, ішкі жарықтандыру жүйесі орнатылды.

    Сонымен қатар, тұрғындардың демалуына арналған демалыс орны жасалынып, аумаққа гүлдер мен ағаш көшеттері отырғызылды. Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары толық атқарылып, балалардың ойын ойнап, жастардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалынды.

    Қазіргі таңда барлық жұмыстар толық аяқталып, спорттық алаңы, балалар ойын алаңшасы, демалыс орны және автотұрақ халық игілігіне пайдаланылуда.

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары