Республика күні қарсаңында Кемел шағынауданындағы Мәдениет үйінде мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Сахнада Мәдениет үйі мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Ұлттық әуендер шырқалып, ән мен би көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
Жиналған қауым өнерпаздарға қошемет көрсетіп, мерекелік кештен жақсы әсер алды.
Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын!
Республика күні құтты болсын!








