Қазақстандық делегацияның Францияға жұмыс сапары өтті

    1 / 5

    Париж, 2026 жылғы 27 қазан – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері бастаған қазақстандық делегацияның Францияға жұмыс сапары өтті. Делегация құрамына «Самұрық-Қазына» АҚ мен бейінді ұйымдардың өкілдері кірді.

    Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде өткен дөңгелек үстелде еліміздің мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы мен саланың инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Сондай-ақ шикізаттық модельден көмірсутектерді терең өңдеуге көшу, қосылған құны жоғары химия және мұнай-химия өнімдерін өндіру, заманауи экологиялық стандарттарды енгізу және Азия мен Еуропа арасындағы экспорттық және көлік-логистикалық бағыттарды дамыту жөніндегі жоспарлар баяндалды.

    Іс-шараға жетекші француз компаниялары мен бейінді ұйымдардың өкілдері қатысты. Тараптар пікір алмасып, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

    Сапар аясында қазақстандық делегация бірқатар француз компанияларының қызметімен жақынырақ танысып, заманауи технологиялық шешімдер негізінде жобаларды іске асыру тәжірибесін зерделеді.

    Сапар қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Франция арасында энергетика саласындағы өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Француз Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі" жаңалықтары