Парижде Қазақстан мен Франция арасындағы бірлескен бастамалар талқыланды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Парижде Қазақстан мен Франция арасындағы бірлескен бастамалар талқыланды

    Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Париждің 8-ші және 17-ші округтерінің мэрлері Катрин Лекюйе мен Жоффруа Булармен кездесті.

    Г.Арыстанқұлова мемлекеттік институттарды нығайтуға және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды саяси және институционалдық реформалар туралы баяндады.

    Француз тарапы Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістерге, сондай-ақ оның ішкі және сыртқы саясатына ерекше қызығушылық танытты. Қазақстанның теңгерімді әрі сындарлы тәсілдерге негізделген сыртқы саясатына, сондай-ақ Франциямен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту перспективаларына ерекше назар аударылды.

    Астана мен Париж арасындағы Ынтымақтастық туралы пактінің
    алдағы бес жылдығы аясында тараптар муниципалдық өзара іс-қимылды
    дамыту перспективаларын және іскерлік, мәдени және білім беру
    салаларындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктеріне назар аударылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы кезеңге арналған
    ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындап, бірқатар бірлескен іс-
    шаралар мен бастамаларды пысықтауға уағдаласты.

    35 мыңға жуық тұрғыны бар 8-округ – Париждің 20 әкімшілік округінің бірі әрі Франция астанасының негізгі іскерлік, дипломатиялық және әкімшілік аудандарының бірі. Оның аумағында маңызды мемлекеттік, дипломатиялық, мәдени және іскерлік нысандар, соның ішінде Қазақстанның Франциядағы Елшілігі орналасқан. Париждің солтүстік-батысында орналасқан 17-округ – 200 мыңға жуық тұрғыны бар астананың ірі тұрғын және іскерлік аудандарының бірі.Округтің аумағында Елшілік соңғы үш жыл бойы «Қазақ ауылы» («Village kazakh») жобасын жүзеге асырып
    келеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары