«Салықесептілігінұсынудытоқтататұру,қайтабастау»мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Бұл қызмет Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі – МКО) көрсететін ең сұранысқа ие қызметтердің бірі болып табылады, ол уақытша қызмет қызметін жүзеге асырмайтын салық төлеушілерге салық есептілігінің жекелеген нысандарын ұсыну бойынша міндеттемелерді заңды түрде тоқтата тұруға, ал қызметті қайта бастаған кезде – салықтық міндеттемелерді орындауды белгіленген тәртіппен қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Қызмет көрсетудің құқықтық негіздері ҚР Салық кодексінде, «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңында, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігі бекітетін Мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларында (2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрықпен) айқындалған .
Салық кодексінің 117-бабына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) келесілерге құқылы:
-салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұруға;
-тоқтату мерзімі аяқталғанға дейін салық есептілігін ұсынуды қайта бастауға.
Салық төлеуші қызметін қайта бастаған кезде салық есептілігін ұсынуды міндетті түрде қайта бастайды.
Тоқтата тұрудың жалпы мерзімі талап қою мерзімінен асырмауы тиіс. Тоқтату күнінен салық есептілігін ұсынуды қайта бастау күніне дейінгі кезеңде ҚҚС төлеушісі үшін электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) шығару тоқтатылады. Салық объектектері болған жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін ұсынуы тоқтатылмайды.
Мемлекеттікқызметтіалутәртібі
Салық есептілігін тоқтату, қайта бастау үшін салық төлеуші тиісті салықтық арызды және салық есептіліктерін келесілер арқылы ұсына алады: «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасы; «электрондық үкімет» веб-порталы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; қызмет беруші; банктік ұйымдардың мобильді қосымшалары.
Қызмет электрондық немесе қағаз нысанында тегін көрсетіледі. Көрсету мерзімі – арыз тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде.
Арызды қарау нәтижелері бойынша МКО тоқтату туралы немесе тоқтатудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Салық органы келесі жағдайларда бас тартуға құқылы: салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған жағдайда; МКО-ның орындалмаған хабарламалары болған жағдайда; салық төлеушіні әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізу кезінде.
Тоқтату (немесе) қайта бастау туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады. Жарияланған сәттен бастап салық төлеуші арызда көрсетілген кезең үшін салық есептілігін ұсыну міндетінен босатылады.
Салық органы салық есептілігін ұсынуды келесі жағдайларда қайта басталды деп таниды: салық төлеуші салық есептілігін ұсыну күнінен бастап салық есептілігін ұсыну жағдайында; тоқтату кезеңінде немесе қызметті қайта бастау күнінен бастап салық төлеушінің қызметін қайта бастау фактысы анықталған жағдайда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









