Сұрақ - Жауап

    1 / 2
    Резиденттік мәртебесін растау
    Сұрақ: Мен Қазақстан Республикасының резидентімін, тұруға ықтиярхатым бар. Банк депозиттері бойынша сыйақы төлеу кезінде екінші деңгейдегі банктерде резидент мәртебесін қалай растауға болады?
    Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағында салық заңнамасын қолдану мақсатында салық резиденттігін растайтын құжатты мемлекеттік кірістер органдарынан алу талап етілмейді.
    Қазақстан Республикасының аумағында салық заңнамасын қолдану мақсатында салық резиденттігін растауды салық агенті (оның ішінде екінші деңгейдегі банктер) заңнамада белгіленген өлшемшарттар мен қолда бар құжаттар негізінде дербес жүзеге асырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары