Үштөбе станциясындағы көліктегі полиция бөлімінде заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Марат Қоғамовпен кездесу өтті.
Кездесу барысында ғалым жеке құрамға «Қазақстанның жаңа Конституциясы аясындағы қолданыстағы қылмыстық-процестік құқық: тәжірибе, мәселелер және шешу жолдары» тақырыбында дәріс оқыды. Ол заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістерге тоқталып, олардың тәжірибеде қолданылуын түсіндірді.
Сондай-ақ жас қызметкерлерге ақыл-кеңесін айтып, кәсіби дамуына, қызметте табандылық пен жауапкершілік танытуына тілектестігін білдірді.
Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, кәсіби тәжірибе алмасуға және жас буынның қалыптасуына ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








