Көлік полицейлері ЖИ және вайб-кодинг әдістерін меңгеруде

    1 / 3

    Көліктегі полиция департаменті басшылығы мен жеке құрамы Астанада өткен екі күндік тренингте цифрлық сауаттылығын арттырды. Оқу Қазақстан Республикасы ІІМ Басқару академиясының базасында ішкі істер органдарын цифрлық трансформациялау бағытын іске асыру аясында өтті. Оған Көліктегі ПД бастығы Абзал Жұматаев пен оның орынбасарлары, сондай-ақ Департамент аппараты қызметтерінің бастықтары мен қызметкерлері қатысты.

    Сабақ барысында көлік полицейлері қызмет атқару кезінде ЖИ құралдарын пайдалану мүмкіндіктерін зерделеп, өзекті цифрлық шешімдермен танысты және нейронжелілер мен мәтіндік сұраулар арқылы бағдарламалық өнімдер мен қолданбалы сервистерді жедел әзірлеу әдісі — вайб-кодинг негіздерін меңгерді.

    Департамент бастығы Абзал Жұматаевтың айтуынша, мұндай біліктілікті арттыру — заман талабы. «Жасанды интеллект — қызметтің тиімділігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашатын заманауи технология. Полиция қызметкерлері озық цифрлық құралдарды меңгеруі және қазіргі сұраныстарға сақадай сай болуы тиіс — бұл ішкі істер органдарын дамытудағы ең маңызды әрі оңтайлы қадам», — деді ол. Көлік полициясының басшысы әріптестеріне сәттілік тілеп, осы алған білімдері алдағы уақытта күнделікті жұмыстарына зор септігін тигізетініне сенім білдірді.

    Қызметкерлер цифрлық құзыреттерді дамытуға және жұмыс процестерін автоматтандыруға бағытталған білім беру курстарының кешенін сәтті аяқтады. Үдемелі бағдарлама аясында тәртіп сақшылары дашбордтар құру, ЖИ-агенттер әзірлеу, OSINT-талдау және NotebookLM-мен жұмыс істеумен байланысты негізгі тақырыптар бойынша дәрістер алды.

    Сабақтарда айтылған теорияны тәжірибеде қолданубарысына ерекше назар аударылды. Тыңдаушылар қолданбалы тапсырмаларды орындап, промпттармен жұмыс істеу дағдыларын пысықтады, құжат айналымын автоматтандыру және үлкен деректер массивтерін талдау тетіктерін талдады, сондай-ақ нейронжелілермен жұмыс істеу кезіндегі ақпараттық қауіпсіздік ережелерін зерделеді.

    Оқу қорытындысы бойынша емтихан өтіп, нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар табысталды. Алынған білім полицияның жұмысына цифрлық құралдарды енгізуге, ақпаратты өңдеуді жеделдетуге және қызметтің жалпы тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

    Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі полиция департаменті" жаңалықтары