Шымкент қаласында Спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында спорттың 7 түрінен жарыс өтті.
Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қызметтік-қолданбалы спорт түрлерін дамыту және ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту.
Сайыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің командалары футбол, волейбол, баскетбол және арқан тартудан I орын иеленді. Ал теннис пен шахматтан II орын, тоғызқұмалақтан III орынға ие болды.
Полиция қызметкерлері жарыста жоғары дайындық пен командалық бірліктің үлгісін көрсетті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









