Шымкент тұрғыны абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылды

    «Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері қала аумағын абаттандыру қағидаларын бұзу деректерінің алдын алу жұмыстарын жалғастыруда.


    Профилактикалық іс-шаралар барысында жүк көлігін басқарған азаматтың қоқысты белгіленбеген жерге төгіп, аумақты ластағаны анықталды.


    Құқық бұзушы абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


    Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтауға шақырады. Кез келген құқық бұзушылық полиция назарынан тыс қалмайды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары