Қызметке адалдық – басты ұстаным

    Шымкент қаласының полиция департаментінде полицейлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға сала ардагерлері мен тәлімгерлер қатысып, полиция қызметкерлерімен профилактикалық әңгіме жүргізді.

    Кездесуде қызметтік тәртіп, кәсіби жауапкершілік және полицейдің күнделікті қызметтегі әдебі сөз болды. Ардагерлер өздерінің мол тәжірибесімен бөлісіп, жас қызметкерлерге ақыл-кеңестерін берді. Ал тәлімгерлер қызметке адалдық пен жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

    Жиын барысында жеке құрам арасында тәртіп пен кәсіби мәдениетті нығайту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері де қозғалды.
    Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, қызметтік құндылықтарды дәріптеуге және полиция қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары