Шымкент қаласы Полиция департаментінде Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен қала мешіттерінің өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын өтті.
Бүгінде қаламызда 100-ге жуық мешіт орналасқан. Кездесуде олардың аумағында орнатылған бейнебақылау камераларын Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосу мәселесі қаралды.
Мұндағы негізгі мақсат – мешіттерде орын алуы мүмкін ұрлық, бұзақылық, мүлікке зақым келтіру және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бейнебақылау жүйесін орталықтан бақылау күмәнді әрекеттерді дер кезінде анықтап, оқыс оқиғаларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Аталған шаралар діни нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









