«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды

    «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлесіп, полиция қызметкерлері арасында сұрақ-жауап айдарын өткізді.

    Іс-шара барысында қызметкерлерге қазақ әдебиеті, Қазақстан Республикасының Конституциясы, қазақ тарихы және қызметтік бағыттар бойынша сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап берген қатысушыларға түрлі кітаптар сыйға тартылды.

    Іс-шараның басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, зияткерлік әлеуетін дамыту, ұлттық әдебиет пен тарихқа құрметін қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық сауаттылығы мен кәсіби білімін жетілдіру.

    Кітап – білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Оқуға құштар, ойы озық қызметкер – қоғам қауіпсіздігіне де жауапкершілікпен қарайтын тұлға.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары