АПТАЛЫҚ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

    1 / 6
    Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайдың төрағалығымен апталық аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
    Мәжілістің күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды.
    Алғашқы мәселе бойынша аудан аумағында жүргізіліп жатқан күзгі көшет егу жұмыстарының барысы талқыланды. Осы мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нәлібай Саттар Жұмаділдаұлы баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
    Күн тәртібіндегі екінші мәселе – 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы және газдан уланудың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар. Бұл мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нәлібай Саттар Жұмаділдаұлы мен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Арын Дулат Ержанұлы баяндама жасады. Баяндамаларда жылыту маусымына дайындық, қауіпсіздік талаптарын сақтау және тұрғындар арасында газдан уланудың алдын алу шаралары сөз болды.
    Сондай-ақ хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Бұл бағытта ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Кизбаев Мураділ Шекербекұлы баяндама жасап, тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берді.
    Жиынды қорытындылаған аудан әкімі жауапты сала басшыларына күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Отырар ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары