ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Шетел әдебиеті кітапханасының Бас директоры Е.Замышляйченкомен кездесті

    1 / 9

    М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасына бару барысында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев мекеменің Бас директоры Елена Замышляйченкомен кездесті.

    Елші оны жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, алға қойған жоспарларын іске асыруда сәттілік, жаңа кәсіби жетістіктер мен қызықты бастамалар тіледі.

    Д.Абаев кітапхана қызметіне әлемдік әдебиетті дәріптеуде, мәдениетаралық диалогты дамытуда және елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратын Ресейдің жетекші мәдени-ағарту мекемелерінің бірі ретінде жоғары баға берді.

    Ол Қазақстанда оқу мәдениетін дамыту, ұлттық әдебиетті насихаттау және рухани мұраны сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін еске салды. Мәселен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде К ітап күні белгіленді. Оның басты міндеті - жоғары оқу мәдениетін қалыптастыру, отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және Қазақстанды оқырман ұлт ретінде қалыптастыру.

    Кездесулер барысында ынтымақтастық және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Қ орытындысы бойынша екіжақты байланыстарды жалғастыру және серіктестік қарым-қатынастарды жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді .

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі" жаңалықтары