Шымкентте жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырған азамат қамауға алынды

    Шымкент қаласында полиция қызметкерлері көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, «Audi» маркалы автокөлікті тізгіндеген жүргізушіні анықтады. Оның 40 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды.

    Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
    Тиісті құжаттар заңда белгіленген тәртіппен қарау және тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды

    Шымкент қаласы Полиция департаменті ескертеді: Жүргізуші куәлігі жоқ немесе көлік басқару құқығынан айырылған азаматтардың рөлге отыруына заңмен тыйым салынады. Жол қозғалысы ережелерін сақтап, өзіңіз бен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыздар!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары