Шымкент қаласында полицейлер бейнебақылау камералары арқылы әуежайға қарама-қарсы аумақта жол бойындағы суағарға тұрмыстық қалдықтарды тастаған әйелді анықтады.
Құқық бұзушы - жергілікті тұрғын.
Қала аумағын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ол өзі тастаған қоқысты жинап, аумақты тазалады.
Полиция қала тазалығын сақтау – әрбір тұрғынның міндеті екенін еске салады. Қоқысты белгіленбеген орындарға тастау заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









