Полицейлер Жас сақшыларға құқықтық тәрбие беру бағытында сабақ өтті

    Шымкент қаласындағы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектептің «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері танымдық сабақ өткізді.

    Кездесу барысында оқушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сондай-ақ жас сақшылар полиция қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдарының қызметі туралы ақпарат алды.

    Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары