25 қарашада Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде келушілер арасында жанжал орын алды.

    Жанжал барысында ер адам әйелге шабуыл жасап, оған шыны ыдысты лақтырған. Салдарынан әйелдің беті мен қолы жарақаттанған.


    Аталған дерек бойынша Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.


    Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


    Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары