Шымкент көшелерінде қауіпті дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік қамаққа алынды

    Шымкент қаласының тұрғыны жол үстінде қауіпті маневрлер жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Mercedes-Benz жүргізушісі көлігін әдейі тайғанатып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген.

    Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол 26 жастағы Асадбек Умаркулов болып шықты. Оған қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

    Полиция жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты екенін ескертеді. Қауіпті маневрлер мен жол қозғалысы ережелерін елемеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары