Жас жол инспекторлары жол-техникалық инспекция жұмысымен танысты

    Жас жол инспекторлары Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Жол-техникалық инспекция тобының қызметімен танысып, практикалық сабақ өтті.

    Мамандар жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасанды жол кедергілерін орнату, жол белгілері мен таңбаларын орналастыру, сондай-ақ жол инфрақұрылымындағы кемшіліктерді анықтау және жою бағытындағы жұмыстарды түсіндірді.

    Кездесудің мақсаты – жасөспірімдердің жол қауіпсіздігі туралы білімін арттырып, жол қозғалысы ережелеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары