«Заң мен Тәртіп» қағидасы жер қатынастары саласында

    1 / 7

    Жер қатынастары саласы үнемі даулы сұрақтар туындайтын сала. Әрбір қабылданған шешім қадағалаушы органдардың үнемі назарында. Сол себептен де кейбір аудандарда жер қатынастары бағытында мамандар тұрақтамайды. Жер саласы тек жер учаскесін беру ғана емес. Бұл кешенді және нақты қадамдарды талап ететін жұмыс бағыты. Дегенмен, мемлекеттік қызмет болғасын «Заң мен Тәртіп» қағидасы қандай сала болмасын ең бірінші талап етілетін жауапкершілік. Бүгін аудандық (қалалық) жер қатынастары саласының мамандары үшін кезекті жұмыс кездесуі өткізілді. Облыстық басқармаға аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімдері тікелей бағынысты емес, алайда оларға үнемі әдістемелік, үйлестіру немесе түсіндіру бағытындағы шаралар жүргізілетін негізгі жұмыстардың бірі. Бүгінгі семинар-кеңестің негізгі мақсаты – жер қатынастары саласындағы туындап отырған өзекті мәселелерді жан-жақты қарастыру, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелеріне тоқталу, сондай-ақ уәкілетті және мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы жұмыстың тиімділігін арттыру. Аудандық мамандарымыз үшін прокуратура өкілдері табиғатты қорғау, жер қойнауы саласындағы жер учаскелерін беру, қайтару, рекультивация жұмыстары кезінде талап етілетін ерекшеліктер туралы түсінік берсе, «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК БҚО бойынша филиалының өкілдері топырақ құнарлығын арттыру, көміртекті егіншілік жобаларын іске асыру жөнінде ақпарат берді. Мемлекеттік қызметші күнделікті түрде өз білімін жетілдіріп, әдеп этикасын сақтау, жауапкершілігін арттыру бағытында өзіне талап қою керек деп санаймыз. Басқарманы аудандық жер қатынастары бөлімдері мен әкімдіктердің жер учаскелерін беру жөніндегі шешімдерінің заңдылығына қатысты, сондай-ақ әріптестеріміздің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланатын ақпараттар алаңдатады. Жағымсыз жарияланымдар жер қатынастары саласына деген қоғамның сеніміне кері әсерін тигізуі мүмкін деп есептейміз. Осындай құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында семинар барысында облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі А.Хайруллина жан-жақты ақпаратымен бөлісті. Мемлекеттік қызметшілерге талап күшейтілуде, дегенмен оны сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің өзіне тікелей байланысты. Жұмыс кездесуінің екінші бөлімінде Басқарма басшысы Н.Мақсотов жер қатынастары саласындағы негізгі өзгерістер, алдағы жоспарлар мен қолға алу керек шаралар жөнінде ақпарат беріп, өз ойларымен аудандық әріптестерімен бөлісті. Кездесу барысында қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдерінің тәжірибесінде кездесетін сұрақтар талқыланып, әрбір маман өз ойлары мен тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік алды. Семинар-кеңес «Заң мен Тәртіп – бүгінгі қызметіміздің және болашақ дамуымыздың басты бағдары» деген ортақ тұжырыммен қорытындыланды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" жаңалықтары