«DIGITAL AQJAIYQ 2026» цифрландыру және жасанды интеллект жөніндегі өңірлік форумы

    1 / 4

    2026 жылғы 10 қарашада Орал қаласындағы «Атамекен» өнер орталығында «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында «DIGITAL AQJAIYQ 2026» цифрландыру және жасанды интеллект жөніндегі өңірлік форумы өтті.

    Форум аясында отандық IT-компаниялар мен стартаптардың цифрлық шешімдері ұсынылған көрме ұйымдастырылып, стартаптар байқауы өткізілді. Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен өнім әзірлеуге арналған практикалық дәріс өтіп, жобаларды басқару, өңірді цифрлық трансформациялау және мемлекеттік басқару саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері талқыланды.

    Форумның негізгі отырысында цифрлық экономика, жасыл цифрландыру, шағын бизнесті трансформациялау және IT саласындағы адами капиталды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Форумның салтанатты бөлімінде Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары саласын цифрландыруды дамытуға қосқан үлесі үшін басқарма маманы Д.У. Султанғалиев Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" жаңалықтары