
Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде өңірімізде жер қойнауын пайдалану саласында қызмет атқаратын кәсіпкерлермен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жер қойнауын пайдаланушыларға қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Сонымен қатар, 2025 жылғы мониторинг қорытындылары және келісімшарттардан туындайтын міндеттемелерді тиісті деңгейде орындау мәселелері талқыланды.
Кездесуге Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Б. Ниеткалиева арнайы шақырылып, өңірге инвестиция тарту, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді.
Кездесу соңында кәсіпкерлердің сұрақтары тыңдалып, олардың ұсыныстары мен көтерген мәселелері талқыланды.








