Түркістан облысының полицейлері "Қорғау" ақпараттық жүйесі арқылы жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзып, әкімшілік айыппұлдарын төлемей жүрген жүргізушілерді анықтады.
Атап айтқанда, Сайрам ауданы аумағында жүйе арқылы 10 автокөлік назарға ілікті. Олардың қатарында Mercedes-Benz, Opel және Changan көліктері бар. Аталған автокөліктерге қатысты төленбеген айыппұлдардың жалпы сомасы жарты миллион теңгеге жуықтаған.
Мәселен, жүргізушілердің бірі Opel автокөлігімен белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін жеті рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда ол салынған айыппұлдарды уақытылы төлемеген. Полицейлер аталған автокөлікті тоқтатып, жүргізушінің берешегін өндіру бойынша тиісті шаралар қабылдады.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтаумен қатар, әкімшілік айыппұлдарды да уақытылы төлеу қажеттігін ескертеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









