Түркістан облысы Отырар ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Есірткісіз болашақ» атты нашақорлыққа қарсы форумның 10 күндік профилактикалық іс-шаралар бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда. Осы орайда аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері арасында кіші футболдан турнир өтті.
Нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ тәртіп сақшылары арасындағы өзара ынтымақтастық пен достық байланысты нығайтуды мақсат тұтқан сайысқа 60 тан астам полицейлер қатысты.
Жарыс барысында қатысушылар жоғары спорттық шеберліктері мен командалық ұйымшылдықтарын көрсетіп, тартысты ойын өрнегін паш етті. Тәртіп сақшылары қоғамда зиянды әдеттерге қарсы тұрақты көзқарас қалыптастырып, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетудің маңыздылығын осындай шаралар арқылы паш еткендей.
Спорттық шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталып, бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстардың алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатыны айтылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









