Шығыс Қазақстан облысында қандастарға арналған қазақ тілі кабинеті ашылды

    1 / 2

    Шығыс Қазақстан облысында қандастардың мемлекеттік тілді меңгеруіне, тілдік дағдыларын жетілдіруіне және қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

    Кездесуді Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының Еңбек мобильділігі орталығы мен Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы бірлесіп өткізді.

    Кездесуге Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры А. Абзалова және Еңбек мобильділігі орталығы Ізденушілерді қолдау бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Т. Нұрсұлтан қатысты.

    Кездесу барысында қандастарды мемлекеттік тілге оқыту, қазақ тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру және олардың қазақтілді ортаға бейімделуіне жағдай жасау мәселелері қаралды.

    Сонымен қатар кездесу аясында қандастарды қазақ тіліне оқытуға арналған арнайы кабинет ашылды. Кабинет мемлекеттік тілді үйренуге, тілдік білімін жетілдіруге және күнделікті өмірде қазақ тілін қолдану дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті" жаңалықтары