Мемлекет басшысы қазақ тілін дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі

    1 / 3

    2026 жылғы 10 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мерейтойлық X Құрылтайына қатысып, мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі мен оны дамытудың басым бағыттарына тоқталды.

    Президент қазақ тілін ел бірлігі мен азаматтық тұтастықты нығайтатын маңызды құндылық ретінде атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің білім, ғылым, мәдениет және цифрлық технологиялар салаларындағы қолданысын кеңейту қажеттігін айтты.

    Құрылтайда қазақ тілін цифрлық ортада дамыту, әмбебап тілдік жүйе қалыптастыру, екітілді және көптілді сөздіктер әзірлеу, Орфографиялық сөздікті жетілдіру, сапалы қазақтілді контент көлемін арттыру мәселелері көтерілді.

    Мемлекет басшысы қазақ тілін үйренуге қолайлы жағдай жасау, заманауи оқыту әдістемелері мен цифрлық құралдарды әзірлеу, балаларға арналған танымдық өнімдерді көбейту жөнінде нақты міндеттер белгіледі.

    Құрылтайда айтылған бастамалар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және оны заманауи технологиялармен ұштастыра дамытуға бағытталған.

    Құрылтай соңында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті" жаңалықтары