Петарда — ойыншық емес: Абай облысында «Пиротехника» ЖПІШ өтуде

    2026 жылдың 10–30 қарашасы аралығында Абай облысында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полиция қызметкерлері сатушылар мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану ережелерін еске салуда.

    Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Пиротехника күйіп қалуға, ауыр жарақаттарға және өрттің шығуына әкеп соғуы мүмкін. Тіпті кішкентай петарданың өзі дұрыс пайдаланбаған жағдайда қауіп төндіреді.

    Сатушыларға балаларға пиротехника сатпау керектігі ескертіледі. Ал ата-аналарға кәмелетке толмағандардың оны өз бетінше қолдануына жол бермеу қажеттігі айтылуда.

    Пиротехниканы тек ересектердің қатысуымен және бақылауымен, өндірушінің нұсқаулығы мен жас шектеулеріне қатаң сәйкес жағдайда ғана іске қосу керек.

    Тұтанған бұйымдарды қолда ұстауға, оларды адамдар мен жануарларға қарай бағыттауға, бөлшектеуге немесе қосылмай қалған пиротехниканы қайта тұтатуға болмайды.

    Абай облысы Полиция департаменті ересектерді балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Бірнеше минуттық көңіл көтеру қайғылы жағдайға айналмауы тиіс.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары